Зарина Алтынбаеваның «Prima Nota Fest» IV Республикалық академиялық жас дарындар байқау-фестивалін өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже «Prima Nota Fest» IV Республикалық академиялық жас дарындардың байқау-фестивалін өткізу тәртібін реттейді.
1.2. Байқаудың көркемдік жетекшісі-халықаралық байқаулардың лауреаты және Абая атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі -Зарина Алтынбаева.
1.3. Байқаудың тең ұйымдастырушысы-Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы.
1.4. Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқау-фестиваль қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын балалар мен жастарға бағытталған орындаушылық өнерге аудару мақсатында өткізіледі.
2.2. Орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту.
2.3. Музыкалық орындау саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, олардың әрі қарай кәсіби дамуына ықпал ету.
2.4. Академиялық музыканы насихаттау маңызды құрамдас бөліктердің бірі ретінде өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру.
2.5. Байқаудың міндеттері:
- кәсіби және мәдени байланыстарды қалыптастыру және нығайту;
- ұжымдар, балалар және жастар ұйымдары мен оқу орындары арасында шығармашылық және іскерлік байланыстар орнату.
2.6. Дарынды шығармашыл жастарды анықтау және тану.
2.7. Интернационалдық мәдениет дәстүрлерін, классикалық мәдени мұраны сақтау және дамыту.
3. Номинациялар
3.1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
3.1.1. Академиялық вокал
3.1.2. Фортепиано
3.1.3. Ішекті аспаптар (скрипка және виолончель)
4. Қатысушыларға қойылатын талаптар
4.1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтығы (немесе тұруға ықтиярхаты) бар жас орындаушылар қатыса алады.
4.2. "Академиялық вокал" номинациясының жас санаттары:
Бірінші санат: конкурс өткізу кезінде 11 жастан 13 жасқа дейін қоса алғанда;
Екінші санат: конкурс өткізу кезінде толық 14 жастан 16 жасқа дейін.
4.3. "Фортепиано"номинациясының жас санаттары:
Бірінші санат-конкурс өткізу сәтінде 9 жастан 11 жасқа дейін;
Екінші санат-конкурс өткізу кезінде толық 12 жастан 14 жасқа дейін.
4.4. "Ішекті аспаптар"номинациясының жас санаттары:
Бірінші санат-конкурс өткізу сәтінде 9 жастан 11 жасқа дейін;
Екінші санат-конкурс өткізу кезінде толық 12 жастан 14 жасқа дейін.
4.5. "Академиялық вокал" номинациясында конкурстың барлық турларында фонограммаларды (минусовкаларды) және дыбысты күшейтетін аппаратураларды пайдалануға тыйым салынады.
4.6. Конкурсқа алдыңғы байқауларда бірінші сыйлық алған лауреаттар мен Гран-при иегерлері қатыса алмайды.
5. Конкурсты өткізу кезеңдері мен мерзімдері
5.1. Конкурс II кезеңде (турда) өткізіледі:
I кезең – Іріктеу (бейнежазбалар бойынша, онлайн)
ІІ кезең – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.
I кезең сырттай өткізіледі. Іріктеу комиссиясы жіберілген бейнежазбалар бойынша қатысушыларды іріктеуді жүзеге асырады.
II тур Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры.
5.2. Конкурсты өткізу мерзімдері:
I кезең – Іріктеу кезеңі: 2023 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызына дейін (өтінімдерді қабылдау, онлайн)
II кезеңге өткен нәтижелерді жариялау - 12 тамыз 2023 жыл;
Қатысушылардың жеребесі: 25 тамыз 2023 жыл;
II кезең: Ашылу салтанаты - 25 тамыз 2023 жыл;
Жанды тыңдалым - 26 тамыз 2023 жыл;
Гала-концерт, конкурс нәтижелерін жариялау, жеңімпаздарды марапаттау-27 тамыз 2023 ж.
6. Байқауды өткізу тәртібі
6.1. Байқауға қатысу үшін Зарина Алтынбаеваның ресми сайтында https://www.zarina-altynbayeva.com белгіленген нысанға сәйкес 2023 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызына дейін сауалнаманы толтыру қажет.
7. Өтінімге (сауалнамаға) қоса беріледі:
7.1. байқау бағдарламасының талаптарына сәйкес, жақсы сападағы редакцияланбаған (монтажсыз) орындалған туындының бейнежазбасына сілтеме;
7.2. қатысушының туу туралы куәлігінің/төлқұжатының көшірмесі;
7.3. қатысушының (байқау, фестиваль, концерттерге, музыкалық жобаларға қатысқанын көрсете отырып) қазақ және орыс тілдеріндегі өмірбаяны;
7.4. ажыратымдылығы жоғары, цифрлық форматтағы фотосурет (жақын түсірілген Фото).
7.5. Көрсетілген күннен кеш жіберілген өтінімдерді Ұйымдастыру комитеті қабылдамайды және қарамайды.
7.6. Осы Ереженің талаптарына сай келмейтін, толық толтырылмаған, қажетті құжаттары немесе бейнежазбасы жоқ, көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер ұйымдастыру комитетінің қарауына қабылданбайды.
7.7. Байқау бағдарламасына қойылатын талаптарды осы Ережеге 2-қосымшадан (бағдарламадан) қараңыз.
7.8. Өтінімде көрсетілген бағдарлама байқау барысында өнер көрсеткен кезде өзгертілмейді.
7.9. Байқауға жеке концертмейстермен бірге қатысуға рұқсат беріледі. Концертмейстер болмаған жағдайда, концертмейстер Ұйымдастыру комитетімен келісілгеннен кейін қатысушыға өтеусіз негізде беріледі.
7.10. Байқаудың концертмейстерін керек ететін барлық байқауға қатысушылар, орындалатын туындылар ноталарының көшірмесін ұйымдастыру комитетіне алдын ала ұсынуы тиіс.
7.11. Байқау-фестивальға қатысуға ниет білдірген өтінім болашақ қатысушының байқауды өткізу тәртібі мен шарттарын толық қабылдайтындығының дәлелі болып табылады.
7.12. Байқау бағдарламасында өнер көрсету тәртібі ашық жеребе тастау арқылы белгіленеді және өзгеріссіз қалады.
7.13. Байқау қатысушылары, лауреаттары мен жүлдегерлері қазылар алқасының мүшелерін таңдау бойынша байқаудың гала-концертіне өтеусіз негізде, қазылар алқасының мүшелері таңдаған бағдарламамен қатысады.
7.14. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті байқаудың барлық іс - шараларының бейнежазбасын теле-және радиокомпаниялардың эфирінде, Интернет - ресурстарда көрсетуге, фото-және бейнетүсірілімге, электрондық тасығыштарда жазуға және оларды одан әрі байқауға қатысушылардың келісімінсіз және оларға қаламақы төлемей кез келген тәсілдермен таратуға құқылы.
8. Ұйымдастыру комитетінің функциялары мен өкілеттіктері
8.1. Ұйымдастыру комитеті құқылы:
8.2. Байқауды осы Ережеде қарастырылған тәртіпте өткізу мүмкін еместігін білдіретін маңызды жағдайлар болған кезде тиісті өзгерістер енгізуге;
8.3. Байқауға қатысушылар және (немесе) олардың заңды өкілдері байқау өткізу шарттарын, сондай-ақ Байқау ұйымдастырушысының талаптарын сақтамаған жағдайда қатысушыны кез келген кезеңінен шығаруға;
8.4. осы Ережеде қарастырылған жағдайдан басқа жағдайда Байқаудың қатысушыларымен жазбаша келіссөздерге немесе кез келген басқа байланыстарға түспеуге;
8.5. осы Ережеде қарастырылған жағдайларда қатысушылардан қажет ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге құжаттарды сұратуға құқылы.
8.6. Ұйымдастырушы комитет:
8.7. II кезеңге (финал) өткен қатысушыларға 2023жылдың 12 тамызына дейін хабарлауға;
8.8. осы Ережені қатаң ұстануға, сондай-ақ Байқауды өткізумен байланысты барлық әрекеттерді осы Ережеде белгіленген мерзімдерде орындауға;
8.9. Байқаудың қатысушыларына байқау құжаттамасына енгізілетін өзгерістер туралы, Байқаудың күшін жою және қатысушыны Байқаудан алып тастау туралы хабарлауға;
8.10. Байқаудың осы Ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
8.11. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
8.12. Қатысушы:
8.13. Байқауды өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат алуға құқылы.
8.14. Қатысушы:
8.15. осы Ережені ұстануға, Байқауды өткізумен байланысты осы Ережеде белгіленген барлық әрекеттерді орындауға міндетті.
9. Қаржылық талаптар
9.1. Prima Nota Fest байқауына кіру жарнасын төлемей-ақ қатысуға болады.
9.2. Байқауға қатысушылардың Алматыға келуімен байланысты шығындарды өздері немесе оларды жолдаған ұйымдар төлейді.
9.3. Басқа қаладан келген қатысушыға және онымен бірге келген бір ересек адамға Ұйымдастыру комитеті қонақ үйде бір стандартты бөлме береді. Қонақ үйді Ұйымдастыру комитеті анықтайды және қайта қаралмайды.
9.4. Алматы қаласына шақыру қағазында көрсетілген мерзімнен ерте келген қатысушылар Ұйымдастыру комитеті келу үшін белгілеген мерзімге дейін тұратын орындарының шығындарын өздері өтейді.
9.4.1. Қонақ үйге кіру: 25 тамыз сағат 14:00-ден кейін. Қонақ үйден кету: 28 тамыз сағат күндізгі 12-ге дейін.
9.5. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды, олардың концертмейстері мен педагогтарын қандай да бір сақтандыру түрлерімен қамтамасыз етпейді.
9.6. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды сахна комтюмдерімен және аяқ киіммен қамтамасыз етпейді.
10. Қазылар алқасының атқарымдары мен өкілеттіктері
10.1. Қатысушылардың өнер көрсетуін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.
10.2. Қазылар алқасының төрайымы — Зарина Алтынбаева.
10.3. Байқаудың қазылар алқасы:
- барлық жүлделі орындарды бермеуге;
- Гран-при бермеуге;
- ақшалай жүлделерді бір жүлделі орын алған бірнеше қатысушылардың арасында бөлуге;
- арнайы және көтермелеу жүлделері мен дипломдарын беруге құқылы.
10.4. Қазылар алқасы өнер көрсету регламентінен асып кеткен қатысушыны тоқтатуға құқылы.
10.5. Дауыстар саны тең болған кезде қазылар алқасының төрайымы қосымша дауыс бере алады.
10.6. Қазылар алқасының шешімі кесімді болып табылады және қайта қаралмайды.
11. Байқаудың премиялары мен жүлделері
11.1. Байқаудың Гран Приі - 300 000 теңге.
(Байқаудың Гран-приі санатқа қарамастан, бір қатысушыға ғана беріледі. Байқаудың сөзсіз жеңімпазы мен Гран-при иегерін Байқаудың қазылар алқасы анықтайды.)
11.2. Бірінші жүлделі орын –150 000 теңге.
11.3. Екінші жүлделі орын - 100 000 теңге
11.4. Үшінші жүлделі орын – 50 000 теңге.
11.5. Қазақстан композиторының шығармаларын үздік орындағаны үшін арнайы сыйлық – 100 000 теңге.
I, II, III жүлделі орындар барлық номинация бойынша әр жас санатына беріледі
11.6. I, II, III дәрежелі жеңімпаздар атағы әр санаттағы, әр номинациядағы және әр жас тобындағы қатысушыларға беріледі.
11.7. Финалға өткен, бірақ жүлделі орындарды иеленбеген қатысушылар Байқауға қатысушының дипломымен марапатталады.
11.8. Байқауға қатысушыларды дайындағаны үшін олардың концертмейстерлері мен педагогтары дипломмен марапатталатын болады.
11.9. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар мен кәсіпкерлер, шығармашылық одақтар мен қайырымдылық қорлары Байқаудың Ұйымдастыру комитетімен келісу арқылы Байқаудың қатысушылары үшін арнайы сыйлықтар мен жүлделерді тағайындай алады.
Жоба үйлестірушісі : Хасенқызы Толғанай (8 777 684 44 33)
Байқаудың ресми поштасы: notafest@mail.ru