• Мен туралы

    ЗАРИНА АЛТЫНБАЕВА
Опера әншісі

Зарина Алтынбаева

Зарина Алтынбаева - қазақстандық опера дивасы, сопрано. 2011 жылы Лондон Goldsmiths университетін үздік бітіріп, музыка магистрі дәрежесін иеленді. "Alion Baltic international Music Competition" (Латвия, 2018) – I сыйлықтың лауреаты, "XVI Tokyo Music Competition" (Жапония, 2018) – I сыйлықтың лауреаты және көрермендер көзайымы сыйлығы, "Montecatini Opera Competition" (Италия, 2019) – II сыйлықтың лауреаты және т. б.

Зарина Алтынбаева Pergolesi Opera Theatre (Италия), Astana Opera (Қазақстан), Палиашвили атындағы грузин опера және балет театры (Грузия), Tokyo Bunka Kaikan (Жапония), Мариин театры, Геликон Опера (Ресей), Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Әзірбайжан) сияқты әлемдік опера театрларының сахналарында өнер көрсетіп, белсенді гастрольдік қызмет атқаруда.

Туған күні:
1985 жыл, 11 қаңтар

Білімі:
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. (Алматы, 2006 ж.); Вестминстер университеті (Лондон, 2010); Лондон Goldsmiths университеті (Лондон, 2011).

Еңбек тәжірбиесі:
2014 жылдан бастап Зарина Алтынбаева Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет етеді.
2017 жылы Зарина Алтынбаева Димаш Құдайбергеновпен дуэтте "Алматы-Арена" спорт кешенінде өткен 28-ші қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында өнер көрсетті.
2018 жылы Зарина Алтынбаева Таллинде өткен "Alion Baltic International Music Competition" халықаралық байқауының I сыйлығының лауреаты атанды (Латвия, 2018).
2018 жылы Токиодағы беделді "XVI Tokyo Music Competition" халықаралық байқауының I сыйлығы иегері атанып, көрермендер көзайымы номинациясымен марапатталды (Жапония, 2018).
2019 жылы Монтекатинидегі "Montecatini Opera Competition" халықаралық опера байқауының лауреаты атанды (Италия, 2019).
2019 жылы Зарина Алтынбаева Түркияда, Анкара қаласында өткен Абай жылының ашылу салтанатына қатысып, Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен "Абай" операсынан Ария Ажарын орындады.
2020 жылы жапондық "Bliss International" өнер орталығымен бірге Зарина Алтынбаева "Барокко інжу-маржандары" жеке альбомын шығарды. Альбом Болгарияда сату көшбасшысына айналды.
Жыл сайын Зарина Алтынбаева балалар арасында классикалық орындаушылық өнерді дамыту мақсатында "Рrima nota Fest" Республикалық академиялық байқау-фестивалін ұйымдастырады.
Абай атындағы опера және балет театрының 85-ші театр маусымын "Хабар" Ұлттық телеарнасы арқылы таратылған және көрермендер арасында үлкен жетістікке жеткен "Scherzi Musicali di Monteverdi" онлайн-концертімен аяқтады.
2022 жылы Зарина Алтынбаева бірінші дәрежелі қазақстандық әртістердің құрамында Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Берлин филармониясының Камералық залында өнер көрсетті. Опера дивасының таланты мен кәсібилігін неміс жұртшылығы жоғары бағалап, Зарина Алтынбаеваның дауысын хрустальдың дауысына теңеді. Сондай-ақ, 2022 жылы Зарина Алтынбаева Әзірбайжан Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (Баку қ.) сахнасында Кристоф Глюктің "Орфей және Эвредика" операсында өнер көрсетті. Спектакль көрермендер арасында үлкен жетістікке ие болды.