Зарина Алтынбаева - қазақстандық опера дивасы, сопрано. 2011 жылы Лондон Goldsmiths университетін үздік бітіріп, музыка магистрі дәрежесін иеленді. "Alion Baltic international Music Competition" (Латвия, 2018) – I сыйлықтың лауреаты, "XVI Tokyo Music Competition" (Жапония, 2018) – I сыйлықтың лауреаты және көрермендер көзайымы сыйлығы, "Montecatini Opera Competition" (Италия, 2019) – II сыйлықтың лауреаты және т. б.
Зарина Алтынбаева Pergolesi Opera Theatre (Италия), Astana Opera (Қазақстан), Палиашвили атындағы грузин опера және балет театры (Грузия), Tokyo Bunka Kaikan (Жапония), Мариин театры, Геликон Опера (Ресей), Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Әзірбайжан) сияқты әлемдік опера театрларының сахналарында өнер көрсетіп, белсенді гастрольдік қызмет атқаруда.
Зарина Алтынбаеваның «Абай» операсының «Ажар ариясына» арналған бейнебаянының тұсаукесері (композиторлары: А.Жұбанов, Л. Хамиди; либретто М. Әуезов). Корольдік симфониялық оркестр (Великобритания), дирижер Эндрю Скит.